Ережелер

«ТВ Бинго»-ның тікелей эфирін «Хабар» телеарнасынан жексенбі сайын 9 сағат 00 минутта тамашалай аласыздар.

 

Тираждық лотереяға қатысу үшін ойыншы (лотереяға қатысушы) Ұлттық лотерея агентінен «ТВ Бинго» лотерея билетін сатып алуы қажет. Лотереяға қатысу ерікті болып табылады. Билет сатып алу арқылы лотереяға қатыса отырып, ойыншы осы Ережеде анықталған шарттарға толық сәйкес келетін тиражға қатысады. bilet-bingo

Ойыншы билеттің зақымданғанын (комбинация, сериялар, билет нөмірі мен бақылау нөміріндегі сандар, әріп таңбалары және кодтық жолақ көрінбейді немесе зақымданған, мұндай билет жарамсыз болып саналады) анықтаса, ойыншы билетті айырбастауды талап етуі қажет. Артқы жағында агенттің мөртаңбасы болмаса ойыншы агентке жүгініп, мөртаңба қойдырып алу керек. Лотерея билетін айырбастау және мөртаңба қою сату пунктінде және билет сатып алған кезде ғана жүзеге асырылады.kod_agenta
Билеттің беткі жағында логотип, билет сериясы, билеттің жеке нөмірі, бақылау нөмірі, А немесе В әріптері, билет туралы қажетті ақпараттың бәрі қамтылған штрих код, билеттің бағасы, ойын нөмірлерінен тұратын үш ойын комбинациялары бар (1, 2, 3 комбинация) ойын алаңы жазылған. Әр комбинацияда 3 қатар және 9 бағанаға орналасқан 15 сан бар. Әр бағанада сан немесе арнайы графиктік символ (нүкте) болуы мүмкін.bilet_bingo_nomer

Комбинацияға төмендегідей орналасқан 1 мен 90-ның аралығындағы сандар қамтылуы мүмкін:

  • Бірінші бағанада 1-9 аралығындағы сандар болуы мүмкін;
  • Екіншіде 10-19 аралығы;
  • Үшіншіде 20-29 аралығы;
  • Төртіншіде 30-39 аралығы;
  • Бесіншіде 40-49 аралығы;
  • Алтыншыда 50-59 аралығы;
  • Жетіншіде 60-69 аралығы;
  • Сегізіншіде 70-79 аралығы;
  • Тоғызыншыда 80-90 аралығы.pole

Егер ойыншы «А» әрпі бар билет (алдыңғы) билет нөмірінен аз болатындай тәртіппен орналасқан «А» және «Б» әріптері бар екі билет сатып алса, ойыншының осы екі билеттегі барлық 90 нөмірі болады (6 комбинация). Лотерея билетінің артқы жағында мынадай ақпарат бар:

Агенттің мөртаңбасы (агенттің және тираждың нөмірі);
Ойыншыға (лотереяға қатысушыға) арналған қажетті ереже.
Сандардың ұтысты комбинациялары лототрондарда негізгі және қосымша ұтыс ойындар өткізу арқылы, сондай-ақ компьютердің көмегімен анықталады. «ТВ Бинго» лотерея ойынының тираждары ойынды ұйымдастырушы белгілеген күні және уақытта аптасына бір рет тікелей эфирде ТД арқылы көпшілікке көрсетіледі. ТВ Бинго тиражын өткізу нәтижелерін тираждық комиссия мүшелері ресми құжаттамаға енгізеді.


 Негізгі ұтыс ойын

Белгілі бір тиражға қатысатын сатылған нақты билеттердің бәрі деректер базасына енгізіледі, осылайша тиражды өткізгенге дейін компьютер желісінде барлық лотерея билеттері бойынша мәліметтер, яғни ойын комбинациясының белгілі бір билетке тиістілігі туралы ақпарат болады.
«ТВ Бинго» лотереясының билетінде 15 нөмірден тұратын үш ойын комбинациясы орналасқан, олардың әрқайсысы ұтыс ойынға өз бетінше қатысады. Сандардың ұтысты комбинациялары ұтыс ойынды (тиражды) өткізген кезде анықталады. «Бинго» ұтыс ойынын өткізу үшін 1-ден 90-ға дейінгі сандар жазылған 90 шардан тұратын лототрон пайдаланылады. Әрбір түскен шардың нөмірі сатылған билеттердегі ұтысты нөмірлердің құрамын анықтау үшін компьютер жүйесіне енгізіледі. Ұтыс ойын лототронның көмегімен ойыншылардың билеттеріндегі комбинациялардың біреуі түскен шарлардың 15 нөміріне сәйкес келгенше жалғаса береді. Ұтыс ойыны барысында ойыншылар түскен шар нөмірлерін өз билеттеріне белгілей отырып (нөмірді айналдыра қоршау) ұтыс ойынның барысын бақылай алады. Сәйкес келген барлық 15 нөмірдің комбинациясынан тұратын алғашқы билет немесе билеттер (барлық 15 нөмірі басқаларынан бұрын сәйкес келетін билеттер) БИНГО ұтып алған болып жарияланады, содан кейін ұтыс ойынды лототронда өткізу рәсімі тоқтатылады.
Егер лототрондағы ұтыс ойын аяқталғанша билеттегі «Бинго» ұтысын анықтайтын комбинациялардың біреуінде «14» немесе «13» нөмірі сәйкес келген билеттер де ұтысты билеттер болып саналады, яғни ойыншы 2 және 3 категориялы ұтыстар бойынша ұтыс алуға құқылы. Джек-Пот ұтысы негізгі ұтыс ойындағы қосымша ұтыс болып табылады. 15

Үш ойын комбинациясының кез келгенінде көрсетілген барлық 15 нөмір шардың жарияланған реттік нөмірі түскенге дейін аталмыш тиражды ұту ойыны кезінде түскен нөмірлерге сәйкес келсе, сол билет Джек-Пот ұтқан билет болып саналады. «Бинго» жеңімпазы «Джек-Пот» категориясының ұтысы үшін белгіленген ескертілген реттік шарға дейін анықталған жағдайда «Бинго» бойынша ұтыс қоры «Джек-Пот» қорымен (немесе белгілі бір реттік шарда белгіленген сол қордың бөлігімен) бірігеді. Егер ескертілген шар түскенше «Джек-Поттың» ұтыс қоры ұтысты болмаса, «Джек-Пот» қоры осы категория бойынша келесі тиражға өтеді, ал ұтыс ойын ұтысты «Бинго» анықталғанша, яғни бір немесе бірнеше ойын комбинацияларының ойын комбинациясындағы 15 нөмірдің барлығы ұтыс ойын кезінде түскен нөмірлерге сәйкес келгенше жалғасады. Джек-поттың ұтысты категориясының сомасы белгілі бір ұтыс ойында жеңімпаз анықталғанша жиналады. Бинго ұтысын анықтап, «Бинго», сәйкес келген «14», «13» нөмірлері, сондай-ақ Джек-Пот бойынша ұтысты билет нөмірі немесе нөмірлері туралы хабарлама алғаннан кейін негізгі ұтыс ойын тоқтатылады.

Негізгі ұтыс ойын бойынша ұтыстар ақшалай төленеді. 1-3 категориялы және Джек-Пот категориясындағы ұтыс қоры осы категориядағы барлық жеңімпаздар арасында (ұтысты билеттер) тең пропорциямен бөлінеді. ТВ Бинго тиражы ұтысының негізгі ұтыс ойынына қосымша сол шоуда қосымша және ынталандыратын ұтыстар өткізіледі. Ұтыстардың бәрі билеттердің жеке нөмірлерін ойнату арқылы анықталады. Ұтыс ойындар лототронның және 0-9 аралығындағы сандар жазылған 10 шардың немесе компьютерден кездейсоқ таңдаудың (кездейсоқ сандар генерациясымен) көмегімен өткізіледі.


 

Ынталандыру ұтыстарының ұтыс ойынын өткізу.

Ұтыс ойындарды өткізу компьютердің көмегімен (кездейсоқ сандар әдісімен) өткізіледі. Ұтыс ойынға сатылған билеттердің бәрі, оның ішінде негізгі ұтыс ойында ұтысқа ие болған билеттер қатысады. Ынталандыру ұтыстарын ұту ойынына билеттің жеке нөмірінің соңғы екі саны қатысады (билеттің беткі жағында «билет нөмірі» деген жазудың астында орналасады).
Билет нөмірінің соңғы 2 саны бойынша ұтыс ойыны. Компьютер кездейсоқ сандар әдісімен «билет нөмірінің соңғы екі санын» таңдайды және оларды телевизия экранынан анық көрсетеді. Ұтыс ойынды компьютерде сандарды кездейсоқ таңдау әдісімен жүргізу рәсімі белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады, нәтижесінде билеттің соңғы екі саны комбинациясының белгіленген саны шығады. Комбинациялардың бәрі әртүрлі. Билет нөмірінде осы комбинациялардың бәрі қамтылған (бұл категорияда билет нөмірінің соңғы екі саны ынталандыратын ұтыстарды ұту ойыны барысында түскен кездейсоқ сандармен сәйкес келетін билеттер ұтысты болып табылады) билет ұтысты билет болып табылады.


 Қосымша ұтыстарды ұту ойынын өткізу.

Ұтыс ойынды өткізу компьютердің (кездейсоқ сандар әдісімен), сондай-ақ лототрон мен 0-9 аралығындағы сандармен нөмірленген 10 шардың көмегімен жүзеге асырылады. Ұтыс ойынға негізгі және ынталандыратын ұтыс ойында ұтысқа ие болған билеттерді қоса алғанда, сатылған билеттердің бәрі қатысады. Қосымша ұтыстарды нақты ұту ойынында ұтыс ойын саны мен принципі, сондай-ақ ұтыс ойын атауы мен шамасы бекітіледі. Заттай ұтыстар ұтқан билеттерді анықтау билеттің беткі жағында орналасқан билеттің жеке нөміріндегі сандардың белгілі бір санын таңдау арқылы жүзеге асырылады. Құны жағынан айтарлықтай ірі қосымша ұтыстар ұтыс ойын рәсімін лототронда өткізу арқылы анықталады:
Лототрон арқылы ойнатылатын ұтыс ойын. Ұтыс ойын лототронның және 10 шардың көмегімен жүзеге асырылады. Билет нөмірлері оңнан солға қарай, бірінен кейін бірі, ұтысты билет табылғанша ойнатылады, яғни билеттің жеке нөміріндегі соңғы сан ойнатылады, ал соңғы сан жеке нөмірдің бірінші саны болуы ықтимал. Лототроннан түсетін шармен қатар мониторда ұтыс ойынға қатысатын билеттер саны көрсетіледі, олардың нөмірлерінде қалыптасқан комбинация бар. Бұл рәсім бір жеңімпаз (ұтысты билет) анықталғанша жалғаса береді. Бірнеше атауы бір қосымша ұтыстар ойнатылған жағдайда ұтыс ойын рәсімі қажетті мөлшерде жүргізіледі. Ұтыс ойынының рәсімі жалғасып, лототроннан кезекті шар түскен жағдайда сан комбинациялары сәйкес келетін билет саны азаяды. Ірі ұтысқа ие болған жеңімпаз анықталғаннан кейін жүргізуші келесі қосымша ұтысты ұту ойыны туралы хабарлайды, бұл рәсім, яғни нақты қосымша ұтысты ұту туралы хабарландыру белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
Кездейсоқ сандардың түсу әдісі арқылы ұтыс ойынды компьютерде жүзеге асыру. Ұтыс ойынға билеттің жеке нөмірі қатысады. Компьютер оңнан солға қарай билеттің бәрін немесе бір бөлігін кездейсоқ сұрыптап, оны телевизия экранынан көрсетеді. Билет нөмірлері оңнан солға қарай, бірінен кейін бірі, ұтысты билет табылғанша немесе ұтысты комбинация ұтысты болғанша ойнатылады, яғни бірінші болып билеттің жеке нөміріндегі соңғы сан ойнатылады, ал соңғы сан жеке нөмірдің бірінші саны болуы ықтимал.


 Тираж нәтижелері туралы ақпаратты жариялау.

Қазақстан Республикасының Ұлттық лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі кеңесінің Атқарушы дирекциясы тираж аяқталғаннан кейін 2 күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына тираждың ресми нәтижелерін жариялайды. Ұтыс ойындардың барлық категориялары бойынша ұтыстарды төлеу және беру «ТВ Бинго» тиражын өткізгеннен кейін 3 күн өткен соң жүзеге асырылады. Сандарды арнайы тексеру, ТВ Бинго тиражын өткізу кезінде ұтыс ойындардың барлық категориялары бойынша ұтыстарды беру және төлеу Ұлттық лотерея кеңсесінде жүзеге асырылады. Құны салық салынбайтын сомадан жоғары ұтыстарды арнайы сандық тексеру, ұтыстарды беру және төлеу 1 ай ішінде жүзеге асырылады. Билетті арнайы сандық тексеруден өткізу нәтижесі оң болғаннан кейін ұтыстарды ҰЛК АД береді және төлейді. Ұтысты билет иегерінің өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек. «ТВ Бинго» тиражының ұтыс ойынын өткізу кезінде анықталған ұтысты лотерея билеттері бойынша ұтыстарды төлеу және беру. Агент немесе ұтыстарды төлеу және беру өкілеттілігі берілген тұлға лотерея билетінің заңдылығын, сондай-ақ оған түскен ұтысты тексереді. Егер бұл жағдайлар расталса, ұтыс төленеді немесе билеттің орнына беріледі.

  • Ұтыстың барлық категориялары бойынша ұтысты алуға берілген өтінім билеттің артқы жағындағы нөмірі мөртаңба басылған тиражды өткізгеннен кейін 3 күн өткен соң қабылданады;
  • Салық салынбайтын сомаға дейінгі ұтыстарды билеттің артқы жағындағы нөмірі мөртаңба басылған тиражды өткізген күннен бастап 90 күннің ішінде Ұлттық лотереяның кез келген сату орнында талап етіледі және төленеді;
  • 3.000.000 теңгеге дейінгі салық салынбайтын сомадан жоғары ұтыстар 6 (алты) айдың ішінде Ұлттық лотерея кеңсесінде төленеді
  • Сомасы 3.000.000 теңгеден асатын ұтыстар да Ұлттық лотерея кеңсесінде 12 (он екі) айдың ішінде төленеді.
  • Заттай ұтыстар Ұлттық лотерея кеңсесінде ғана беріледі.

Лотерея билеті бір тиражға жарамды. Ұтыстарды төлеу лотерея билетінің негізінде жүзеге асырылады. Ұлттық лотереяның өкілетті агенттері берген мөртаңба басылған билеттер заңды билеттер болып табылады. Басқа жерден сатып алынған билеттер үшін, оның ішінде басқа ойыншылардан сатып алынған билеттер үшін Ұлттық лотерея жауап бермейді. ТВ Бинго билеті лотереяға қатысқаны үшін төленген ақының айғағы болып табылады. Билетті майыстыруға, бүктеуге және былғауға болмайды. Артқы жағында мөртаңбасы болмаған жағдайда, сондай-ақ билет комбинациясы, сериялары, нөмірінің сандарында және бақылау нөмірінде, әріптік белгілерде зақымдаулар болса, код жолағы көрінбесе немесе зақымданса, мұндай билет жарамсыз болып саналады. Жарамсыз билет ұтысты алу құқығынан айырады. Ұтыстардың бәрі аталмыш ұтысты билет қатысқан ұтыс ойын өткізілген күннен бастап 90 күннің ішінде талап етілуі тиіс. Сатылған билеттер, яғни осы тиражға қатысатын билеттер туралы мәліметтердің бәрі Орталық жүйенің мәліметтер базасына енгізілгеннен кейін сатылған билеттердің мәліметтер базасы файлының резервтік көшірмесі құрылады. Лотереяның таңдауы бойынша дискіде, таспада немесе басқа тасымалдаушыда болатын бұл көшірме сенімді жерде сақталады әрі бақылауда болады. Бұл көшірме лотереяның өкілетті тұлғаларына ғана қолжетімді болады. Сатылған билеттердің мәліметтер базасына жазылған мәліметтері бар билеттер ғана ұтыс ойынға қатысу үшін қабылданған ұсыныс ретінде қарастырылып, ұтыс алуға құқылы болады. Қосымша ақпаратты агенттен ала аласыз.