FAQ

1) «ТВ Бинго» билетінің қай тиражға қатысатынын қалай білуге болады

код агента 2016 для сайта

10 Алматы
43 Актау
04 Актобе
02 Астана
15 Атырау
30 Караганда
27 Кокшетау
37 Костанай
56 Кызылорда
45 Павлодар
48 Петропавловск
18 Семей
19 Тараз
26 Уральск
17 Усть-Каменогорск
54 Шымкент

2) «ТВ Бинго» билеттерінің нөмірі ұтыс ойынға түсетіні рас па? Сатылым дүйсенбі күндері болады, сауда агенттері сатылым туралы мәліметтер беріп үлгере ме?

«ТВ Бинго» ұтыс ойынына сатылған барлық билеттердің нөмірлері Алматының орталық серверіне уақытында келіп түседі. Ұтыс ойынға дайындалатын мәліметтер қоры ұтыс ойынға дейін кемінде 4 сағат бұрын жасалады. Бұл артық уақытты біз барлық билеттердің расымен келіп түскенін, мәліметтер қорының сату орындарындағы билеттердің нақты сатылымымен сәйкес келетіндігін тексеру үшін пайдаланамыз. Дүйсенбі күні сатылатын билеттер — бұл агенттердің қор ретінде алып қалатын билеттері, тіпті іс жүзінде сатылмаған осы билеттер ешқандай жағдайға қарамастан мәліметтер қорына сатылған сияқты енгізіліп қойылады. Егер сауда агенті оларды сата алмаса, ол үшін ақша төлеп өзі сатып алады. Осылайша, бұл билеттер ойынға қатысады.

3) Ұлттық лотерея ұтыстарына салық салына ма, салынатын болса, қандай мөлшерде салынады?

ҚР Салық кодексіне сәйкес Ұлттық лотереядан ұтатын ұтыс сомасы 11 430 теңгеден артық болса, оған салық салынады. 11 430 теңгеге ДЕЙІНГІ ұтыстарға салық САЛЫНБАЙДЫ. Жыл сайын салық салынбайтын ұтыс сомасы өсу жағына қарай өзгереді.

4) Ойын әділ өте ме?

Ұлттық лотерея ойындары бүкіл әлемде қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес өткізіледі, ал ҰЛ келер болсақ, ойын әділ өту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз (өйткені сатылған билеттер саны осыған байланысты, олай болса, түсім де осыған байланысты болады). Егер нақты бір күмәндарыңыз болса, бізге хабарласыңыз, біз тергеу жүргіземіз.

5) «ТВ Бинго» шоуына қатысып, көрермендермен ойнатылатын ойынға қалай қатысуға болады?

Бұл оп-оңай. Ұлттық лотерея әуесқойларының клубында (Алматы, Қонаев көш. (Жібек жолы көш. қиыл.), 43, 331 кеңсе, тел. (8-727) 273-80-97) әрбір тиражға жазу жүргізіледі. Клубтағы біздің сауда агентімізге барып, есіміңізді атаңыз; әрбір ұтыс ойынға белгіленген ТВ Бинго билеттері санын сатып алып, шақыру билетін алыңыз, содан кейін біздің қонағымыз боласыз. (Есіңізде болсын, 16 жасқа дейінгі балалар шоуға қатыстырылмайды).
«Хабар» телестудиясы, Республика алаңында Желтоқсан мен Тимирязев көшелерінің қиылысында орналасқан. Шақыру билетіңіз бен жеке куәлігіңізді ұмытып кетпеңіз. Студияға ұтыс ойын басталарға дейін жарты сағат ертерек, яғни 18 сағат 25 минутта келген жөн. Ұтыс ойын өтетін студияда сізге ойын жетонын ұсынады, оның нөмірі шақыру билетіңіздің нөміріне сәйкес келеді. Енді сіз студиядағы ойынға қатысушысыз

6) «ТВ Бинго» ұтыс ойындарын үнемі бақылап отырамын. Жүлделердің көбі Алматы қ. кетіп жатады. Неге?

Өйткені Алматы — Қазақстандағы ең ірі қала (1,5 млн аса) және де сатып алушыларымыздың көпшілігі осы қалада тұрады. Жеңімпаздар саны сатылған билеттер көлемімен тығыз байланысты.

7) Өзім Петропавлда тұрсам, ал билетті Тараздан сатып алсам, ұтысымды қалай ала аламын? Билет сараптамасы бір айға созылмай ма?

Біздің компания сатып алушыларға еш қиындық тудырмауға тырысады. Егер билетті басқа қаладан сатып алсаңыз, өз өңіріңіздегі ҰЛ өкілдігіне төлем алу үшін ұсына аласыз. Бұл біздің компания жүргізетін ойынның барлық түрлерінің ұтысына қатысты, алайда «ТВ Бинго» джекпотын ұтқан жағдайда жеңімпаз Алматы қ. Ұлттық лотереяның орталық кеңсесіне келуі тиіс.

8) Егер 6 000 теңгеден асатын жүлде ұтып алсам, оны қай жерден ала аламын және өзіммен бірге қандай құжаттар алып баруым керек?

Кез келген лездік немесе «ТВ Бинго» ойындарындағы өз ұтысыңызды Ұлттық лотереяның өңірлік өкілдігінен ала аласыз. Өзіңізбен бірге, ең алдымен ұтысты билетті және жеке куәлігіңізді алып келуіңіз керек.

9) Агенттің маған төлеуге ақшасы болмай қалса, ұтысты қайдан ала аламын?

Өкінішке орай, мұндай жағдайлар болып тұрады. Мұңаймаңыз. Ұтысты билетіңізді алып, көрші тұрған агентке барып көріңіз, бірақ оның да ақшасы болмаса, агент сіздің ұтысыңызды төлеуге жетерлік билеттерді сатқанша сәл күте тұрыңыз, алайда шыдамсыз болсаңыз, Ұлттық лотерея өкілдігіне барыңыз, онда ұтысыңыз бірден төленеді.

10)Агенттерде өздері сататын лотерея ойындарының ережесі бар ма?

Міндетті түрде бар. Сауда агенттерінің бәрінде ойын ережелері және әрбір лотерея ойыны бойынша жүлде номиналдары бар (ірі және шағын ұтыстардың мөлшерлері). Айтпақшы, ойын ережелері туралы ақпарат билеттің артқы жағында жазылған.

11) Ірі жүлде ұтып алсам, өзімді жасырын ұстай аламын ба?

Әрине, болады. Десе де, мұндай жағдайда Ұлттық лотерея өзіне деген сенімділігін жоғалтады, өйткені ойыншыларымыз күмән келтіріп, «бұл лотереяда ешкім ұтпайды» дейтін болады
Біле-білсеңіз, Канадада жеңімпаз жасырын болып қала алмайды, өйткені лотерея компаниясы ойыншының билет сатып алуын осы ойыншы мен Лотерея арасында жасалған қандай да бір келісімшарт ретінде бағалайды. Осы келісімшарттың бір бөлігі – жеңімпаздың атын жариялау болып табылады. Көпшілік үшін Лотерея жеңімпаздарын білген аса маңызды.

12) Мен Ақмола облысының ауылында тұрамын, «Бинго» билетін өзіміздің байланыс бөлімшесінен сатып алдым. Билет ірі ұтысқа ие болып шықты, бірақ Астанаға барып, ұтысты алуға мүмкіндігім жоқ. Не істесем болады?

Естеріңізге сала кетейік, жүлдені ұтқан сәттен бастап 90 күннің ішінде талап етуге болады, олай болса, бұл мәселені шешуге уақытыңыз бар, өзіңіз сенетін туыстарыңыздан немесе таныстарыңыздан өңірлік өкілдіктен сіздің орныңызға ұтысты ала салуын өтінуіңізге болады. Ал өзіңіздің ұтқаныңызды ешкімге хабарлағыңыз келмесе, өңірлік өкілдікке қоңырау шалып, тап болған қиындықтарыңызды айтыңыз. Бірігіп бір шешім табасыздар.

13) Ұлттық лотереяның басқалардан айырмашылығы неде?

Ұлттық лотереяның басқалардан ең басты айырмашылығы – оны мемлекет ұйымдастырады, одан алынған түсімдер қаржыландыруға мемлекеттік қаражаты жетпейтін әлеуметтік жобаларға жұмсалады. Мұндай лотереялар бұрындары көптеген елдерде ұйымдастырылатын. Осылайша Австралияда ұлттық лотереядан түскен қаражат есебінен атақты Сидней опера театры салынған екен. Қазіргі таңда Лондонда «Камелот» ұлттық лотереясы атақты Миллениум күмбезі мұражайын және қант диабеті мен білім беру бағдарламалары саласындағы зерттеулер сияқты басқа да жобаларды қаржыландырып келеді.
Ұлттық лотерея өткізуден түскен қаражат мемлекеттік бюджетке әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады.

14) Жұмыста тек «Бинго» туралы сөз болып жатады, бұл ойынның атауы қалай пайда болған? Оның тарихы қандай?

Бинго — бұл ескі ойын. Бингоның аналогы — лото 18 ғасырда Италияда пайда болған. Бинго деген атау қайдан шықты? Бұл атау БИНО (ағылш. — bean), яғни бұршақ деген сөзден шыққан, өйткені лото ойыны барысында сандарды бұршақтармен жауып қойған екен. Содан кейін бұл атау бинго деп өзгертілді, мағынасы – кішкентай, шағын үй, сондай-ақ биржа деген мағына береді.
Бинго американдық Эдвин Лаваның зейінділігінің арқасында дүниежүзіне белгілі болды, ол осы ғасырдың 30 жылдарында бұл ойынды карнавалдан көріп, содан кейін математикалық деңгейге дейін жетілдірген.

15) Неге «ТВ Бинго»-да 15, 14, 13 нөмірлер ойнатылады да, 12 нөмір ойнатылмайды, ойыншыларды қуантып, ұтыстарды көбейтуге болмас па екен?

Біз өзіміз де ойыншыларымызды мұңайтқымыз келмейді, бірақ ойынның белгілі бір технологиясы бар. Олай болса, Қазақстандағы сатылым көлемін ескере отырып, сіз ұсынғаныңыздай 12 нөмір ойнатылатын болса, жүлде мөлшерлері қатты өзгеріп, тіпті, 2 теңгені құрауы да мүмкін. Мұндай жүлде ойыншыларымыздың көңілінен шыға қоймайтыны анық.

16) Бір ғана адамға тиесілі болатын соншалықты ірі джекпотты не үшін ойлап таптыңыздар? Оны бірнеше ойыншылардың арасында бөлуге болмай ма?

Біз кең ауқымды маркетинг зерттеулерін жүргіздік, оған Қазақстанның барлық өңірінен 1300 респондент қатысты. «Джекпот мөлшері ойыңыздан шыға ма?» деген сұраққа 47%-ы «Иә», ал 53%-ы — «Жоқ» деп жауап берді. Олай болса, джекпот сатып алушыларымыздың көбінің көңілінен шығады.
Жалпы, джекпот Лотто және «ТВ-Бинго» сияқты көптеген лотереялардың ажырамас бөлігі болып табылады, мұнда лездік лотереядағылар сияқты жүлделер белгіленбеген. Оны бірнеше ойыншылар арасында бөлуге болмай ма? Ұтысты билет екі, үш … болса, бөлуге болады. 36 ішінде 5 Лото және Пик-5 ұтыс ойындарында мұндай оқиға бірнеше рет орын алған, яғни джекпоттың иегері 2 адам атанған. Егер джекпотты бірнеше адам ұтып алса, «ТВ-Бинго»-да да осылай болады.

17) Жақында бір жасөспірім лездік лотерея билетін сатып алды, 500 теңгелік ұтыс шықты, сіздердің агентіңіз ақша жоқ деген сылтау айтып, ұтысты толық төлеуден бас тартты. Ол балаға тек 300 теңге төледі. Жасөспірім мұңайып, аң-таң болып кеткенін өз көзіммен көрдім. Бұл қалай болғаны?

Құрметті достар, егер сауда агенті күмән тудырса немесе ұтыстың бір бөлігін бөлісуді ұсынып, сізбен келіссөз жүргізе бастаса, өкілдігімізге хабарласыңыз, бұл жерден өз ұтысыңызды ала аласыз. Сауда агентін сіздің лотерея билетіңіздің нөмірі бойынша білу оп-оңай екені есіңізде болсын. Заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету әрбір билеттің қозғалысын тексеруге, оның қай сауда агентіне тиесілі екенін білуге мүмкіндік береді. Мұндай ұқыпсыз сауда агенттерімен біз аяусыз қоштасамыз. Ал сіздердің естеріңізге тағы бір рет сала кетейік: 2016 жылы ҰЛ лездік және тираждық ойындарындағы 11 430 теңгеге дейінгі ұтыстар (салық салынбайтын сома) сол жерде төленеді.

18) Бірнеше жыл бұрын Чехияда кейбір лотереялардың нәтижелері сапырылған кезде ірі жанжал туындады, осыған ұқсас жағдай Италияда да орын алған дегенді естігенмін. Жұмыстағы кейбір қызметкерлер «Бинго»-да билеттерді сапырылыстыру болмай ма екен деген сұрақтар қойып жатады.

Бізде мұндай жағдай мүлдем жоқ екеніне сеніңіздер. Басқа лотереялардан айырмашылығымыз – Ұлттық лотерея үшін мінсіз абырой ең басты артықшылық болып табылады, өйткені, билеттерді бұлайша сапырылыстырар болсақ, оны бірден екі халықаралық лотерея ұйымдарының қатарынан шығарып тастар еді, сондықтан арнайы шаралар қабылданған. Біріншіден, байқағандарыңыздай, ұтыс ойын арнайы құрылғы — лототронның көмегімен жүргізіледі, мұнда шариктер ауа ағынымен секіріп, кездейсоқ түрде аузына келеді, бұл процесті бір-бірімен таныс емес көптеген адамдар, оның ішінде адалдығымен белгілі құрметті адамдардан тұратын тираждық комиссия бақылап отырады, сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ.

19) Қалай лотерея таратушысы бола аламын және жұмыс істеу шарттары қандай?

Ұлттық лотереяның сауда агенті болу үшін біздің компаниямыздың өкілдігіне хабарласу керек, олардың мекенжайы мен телефоны барлық сауда агенттерінде болады. Төлем – кесімді, сатқан соманың 10% мөлшеріндегі комиссия түрінде.
Сыйлықақы жүйесі әрекет етеді.
Сауда агенттерінің екі түрі болады — тұрақты және мобильді. Тұрақты — дүңгіршектер мен кабинкаларда, мобильді агенттер қайда сататынын өздері таңдайды.

20) Интерактивті ойын дегеніміз не?

Қысқаша айтар болсақ, бұл кері байланыс, яғни көрермендер телефонның арқасында телебағдарламаға нақты уақытта қатысу мүмкіндігіне ие болады («ТВ Бинго»-да бұл ұтыс ойын «Оңай ұтыс» деп аталады). Интерактивті ойынды ойнау үшін ойыншының үй телефонының нөмірі қажет және ол тираж барысында теледидар алдында отыруы керек. Ұтыс ойын ұйымдастырушылары ойыншыға өздері хабарласып, сөйлеседі.