Лотерея терминдерінің сөздігі

Белсенді лотерея ойындары – енжар ойындар негізінде дамыған. Басты ерекшелігі – ойыншылар нөмірді өздері таңдап алады. Ойыншылар қандай нөмірдің ұтатынын шамалайды, немесе олардың жақсы көретін сандары бар, соны ойында пайдаланады. Осылайша ойыншылардың ұтыс ойындарға белсенді түрде қатысуына мүмкіндік туады.
Бар-код – штрих-кодты қараң
Ұтылыссыз лотерея – міндетті түрде ұтыс шығатын лотерея.
Сандық лотерея билеті – лотерея терминалы арқылы берілген және ойыншының осы ұтыс ойынына қатысатындығын куәландыратын, ойын (-дар) нұсқасы (-лары) басылған түбіртек.
Бинго – сандар кездейсоқ таңдалатын ойын, ал ойыншылар өз карточкаларындағы тиісті сандарды толтырулары тиіс. Карточканы ұтыс ойын ережелеріне сәйкес толтырған алғашқы ойыншы жеңіске жетеді. Өзінің ұтысын белгілеу үшін ол әдетте «Бинго!» деп айқайлайды.
Бонус шары/бонус нөмірі – қосымша нөмір сияқты. Қосымша жүлделер ұту ойыны үшін қосымша шар алынады, яғни ойыншы сол ақшаға көбірек ақша ұтады.
Тез таңдау – билет сататын терминалға орнатылған кездейсоқ сандардың генераторын қолдана отырып, ойыншылардың нөмір таңдауына көмектесу тәсілі.
Лотереяның жалпы көлемі – лотерея билеттерін нақты бағамен сатудан алынған (немесе алуға жоспарланған) ақшалай қаржының жалпы сомасы.
Ықтималдықтар теориясы – математика тарауы, мұнда бір кездейсоқ оқиғаның берілген ықтималдықтары бойынша, қалай да болмасын алғашқымен байланысты болып келетін басқа кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын табады. Ықтималдықтар теориясы құмар ойындар мен француз математигі және жазушысы Блез Паскальдің ол жөніндегі ойларының нәтижесінде пайда болды. Паскаль Ферм хаттарында ықтималдықтар теориясының негіздері алғаш рет баяндалған.
Заттық лотереялар – жүлде қоры мүліктерден (ақшадан басқа) құрылып, шарттарға сәйкес ақшаға балама лотерея өткізуге тіркелген лотерея.
Бейнелотерея терминалдары (БЛТ) – бұл бейнемониторда ойналатын электронды бейне-ойындар. Әдеттегі бейнелотерея ойындарына Покер, Кено және Блэкджек жатады. Ойыншылар жүлде ұтып алатын (нақты ақша) немесе тегін ойындар (кредит негізінде) ойнайды. БЛТ ойын автоматтарынан жеңімпаздарға қолма-қол ақша бермейтіндігімен ерекшеленеді. Жеңімпаздар машина тетігін ұтқан несие нөмірі бар билет пен нәтижесінде бөлшек сауда сатушысы төлейтін осы несиенің ақша түріндегі құнын беру үшін басады.
Бүкіләлемдік Лотерея Қауымдастығы (WLА) – Мемлекеттік лотереялар қауымдастығы мен Тото және Лотто ұйымдарының Халықаралық Қауымдастығын біріктіру арқылы 1999 жылы құрылған. WLА құрамына біріккен 200 млрд $ жылдық кірісі бар, жер шарының алты континентіндегі 80-нен аса елдің лотерея компаниялары кіреді.
Ұтыс – билетті ұтқан қатысушыға ақша немесе басқа мүлік түрінде берілетін лотереяның жүлде қорының бір бөлігі. Лотерея билеттері арқылы ұтқан құндылықтар – ұтқан билеттің иесіне, нақты қатысушының иелігіне өтеді;
Ұтысты билет – белгілі бір ұтыс ойынына қатысып, қолданыстағы ойын ережелеріне сәйкес ұтқан билет.
Ұтысты сандар – белгілі бір ұтыс ойынында ойнатылған сандар.
Бингоның ұтысты комбинациясы – билеттің кез келген ойын жолағындағы 15 нөмірге сәйкес болып түскен шарлар нөмірі.
Кездейсоқ сандар генераторы – кездейсоқ нөмірлер беретін компьютерлік бағдарлама.
ГЛЭПС (GLEPS) – лездік лотерея билеттерінің сериясына ұтыс салу.
Мемлекеттік (ұлттық) лотерея -мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе арнайы құрылған орган (заңды тұлға) құрылтайшы болатын лотереяның барлық түрлері жатады, өткізілгеннен түскен қаржылар, міндетті төлемдерді есептемегенде, мемлекет меншігі болып табылады және сәйкес деңгейлердегі бюджетке – республикалық немесе аймақтық – түседі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға мақсатты түрде жұмсалады.
Гэмблинг – бұл жеке, отбасы немесе кәсіби мүдделердің беделін түсіретін, бүлдіретін немесе зиян келтіретін, құмар ойындарға қатысуға қарсыласудың созылмалы және үдемелі қабілетсіздігі болып табылады. Құмар ойындарға мұндай жағдайда қатысу, оған ұмтылу, осы бағыттағы белсенділік стресс кезінде күшейе түседі. Гэмблинг нәтижесінде пайда болатын проблемалар құмар ойындарға белсенді түрде қатысуға әкеп соғады.
Джекпот – Лоттода ұтуға болатын ең жоғарғы жүлде. Оны Еуропада, әдетте, бірінші категориялы жүлде деп атайды. “Өтпелі” джек-пот – ол бір ұтыс ойынында ұтып алынбаса, келесісіне өтеді және бұл кезде өсіп отырады. Джекпоттағы ұтыс сомасы белгіленген немесе үдемелі болуы мүмкін. Егер белгіленген сома нақты анықталса, үдемелі ең төменгі белгіленген сомадан бастап өседі де, джекпот түскенше әрбір жаңа мөлшерлемеден өзіне белгілі бір пайыз үстейді, содан кейін өсу тағы да ең төменгі сомадан басталады. Әдетте, үдемелі джекпот супержүлде болып табылады.
Ақшалай-заттай лотерея – жүлде қоры ақша және басқа да мүліктерден құралып, лотереяны ақшалай баламасымен өткізудің шарттарына сай тіркелген лотерея.
Ақшалай лотерея – жүлде қоры ақшадан құралған лотерея.
Лотерея кірісі – лотереяның жүлде (ұтыстық) қорын есептемегендегі жалпы көлемі.
Еуропалық мемлекеттік лотереялар мен Тото Қауымдастығы (ELSTA) – Еуропада құрылған, мемлекеттік лотереялар мен Тото компаниялардан тұратын тәуелсіз Еуропалық Қауымдастық. Құрамында 46 елдің 80 лотерея компаниялары бар. ҚР-ның Ұлттық лотереясы 1999 жылдан EL мүшесі.
Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы – ойын орындарына орнатылған және көрсетілген ойындарға осы орынның өкілдері қатыспайтын, ақшалай ұтысы бар құмар ойындар өткізуге пайдаланылатын арнайы қондырғылар (механикалық, электрлік, электронды және басқа техникалық қондырғылар).
Ойын нұсқасы – (сандық лотереяда) – 36-дан 5 Лотосында ретімен келетін 1-ден З6-ға дейінгі сандардан іріктеп алынған 5 саннан тұратын комбинация немесе 35-тен 6 Лотосында ретімен келетін 1-ден 35-ке дейінгі сандардан іріктеп алынған 6 саннан тұратын комбинация.
Жолы болу ойындары – бұл ұту немесе ұтылу тек қана немесе негізінен кездейсоқ жағдайға байланысты болатын ойындар.
Интерактивті лотерея – бұл интеллектуалды телефон немесе компьютерлік байланыс желісін пайдалану арқылы өткізілетін электронды лотерея, оны өткізу барысында ойыншылар арнайы бөлінген телефон нөмірлері немесе электронды пошта арқылы телевизия студиясына немесе оператор фирмасына қоңырау шалу арқылы мөлшерлеме қояды, сондай-ақ ойыншы ойынға қатысуды байланыс қызметі ретінде төлейді, ал телефон компаниясы белгілеп, шотты төлеуге ұсынады немесе банктен шот ашу арқылы немесе қатысушы жеке коды бар карточканы сатып алу арқылы аванстық төлем жасайды.
Интернет-лотерея (ойын) - интернеттің ауқымды жүйесінде жүргізілетін электронды лотереяның (ойынның) бір түрі. Интернеттің ауқымды жүйесінде белгілі лотереялардың барлық түрлері жүргізіледі. Интернет-лотереяны өткізу үшін арнайы бағдарламалық қамсыздандыру (интернет-лотерея жүйесі) немесе стандарт құралдар (бағдарламалаудың әмбебап тілдерінде жазылған апплеттер мен скриптер) қолданылады. Интернет-лотереяның ойыншылары (қатысушылары) интернетті пайдаланушылар болып табылады. Интернет-лотереяға қатысу интернет-лотерея жүйесіне ойыншының тіркелуін топшылайды. Тіркелу нәтижесінде ойыншы бірегей идентификатор алып және оған ойын шоты ашылады.
Кено – лотереялармен, казино, қайырымдылық лотереяларымен өткізілетін ойын. Ойыншылар, әдетте кеноның 10/20/80 нөмірлерінен 3-тен 10-ға дейінгі нөмірлерді таңдайды. Ойыншылар ықтималдық және ұтыс коэффициенттерін таңдай алады.
Клубтық ойын – клубта ұйымдастырылған, бірнеше адам қатысатын құмар ойын.
Ұлттық лотерея әуесқойларының клубы – Алматыда 2000 жылы ақпанда құрылған (Қонаев көш., 43, 331 кеңсе, тел. 8(727) 2 738 097).
Клубтық мөлшерлеме – ҰЛ клубының мүшелерімен (сондай-ақ клубтық мөлшерлемеге қатысқысы келген ойыншылармен) сандық лотереяға бірлесіп капитал салған мөлшерлеменің кез келген саны.
Нөмірлерді аралас таңдау – (сандық лотереяларда) – ойын комбинациясындағы бірнеше санды ойыншы өзі атайды, ал қалғанын терминалға орнатылған кездейсоқ сандар генераторы көрсетеді.
Сауда агенттеріне берілетін комиссия – агентке төленетін комиссиялық сыйақы
Коммерциялық лотерея – бұл лотереяны өткізгеннен түскен кіріс республикалық немесе аймақтық бюджеттің меншігі болмайды немесе тіпті жиналмайды, оны құрылтайшылар лотерея талаптарына сәйкес дербес бөледі. Коммерциялық лотереяларға ведомстволар, қоғамдық қорлар және коммерциялық емес қайырымдылық ұйымдары өткізетін лотереялар жатады, өткізгеннен түскен қаржылар мақсатты түрде құрылтайшылардың бағдарламаларына жұмсалады: жергілікті (аймақтық) лотереялардан түскен қаржылар жергілікті бюджетке түспестен, әлеуметтік бағдарламаларға жұмсалады; коммерциялық ұйымдар жарнама мақсатында өткізетін лотереялар; адамдардың шағын тобы үшін көңіл көтеру мақсатымен өткізілетін лотереялар.
Бақылау файлы – Орталық жүйенің мәліметтер базасындағы барлық ақпараттан тұратын файл, ол әр ұтыс ойыны болған сайын жасалып, ережелерде белгіленген уақыт аралығында сақталады.
Лицензия – шаруашылық қызметтерінің кейбір түрлерін жүргізуге, соның ішінде лотереялық қызметті де жүргізуге құзырлы мемлекеттік органдардың беретін рұқсаты.
Лотереистика – лотерея билеттерін коллекциялау (ермекойын).
Лотерейный агент – лотерея билеттерін сатушы
Лотерея технологиясы – лотереяларды, жүлде ұтыстарын, лотерея өнімдері өндірісінде ұйымдастыру мен өткізу кезінде қолданылатын арнайы технология, ол лотерея билеттері өндірісін (бәстер қабылдау), жүлде қорын құру, лотерея қаржыларын есептеу, бөлу мен қадағалау, ойын ақпараттарын рұқсатсыз пайдалануды және ұйымдастырушылар мен үшінші жақтардың алаяқтығынан ойыншылар мен мемлекет құкықтарын қорғаудың кепілдігін нақты уақыт режимінде қамтамасыз ету.
Лотерея ойындары – бұл қатысушыларға әртүрлі жүлделерді ұтып алуға тең мүмкіндік беретін сәттілік ойыны.
Лотерея билеті – кез келген ақпарат тасымалдаушы, тарату үшін арнайы дайындалған немесе дербес теңестірілген нөмір (код) лотереяның ойын жүйесінде тіркеліп және лотереяның бекітілген талаптарына сәйкес өткізілетін лотереяға қатысуды куәландырушы, тираж нәтижелері бойынша ұтыс алуға иесінің құқығын растаушы. Лотерея билеті «құнды қағаздар» категориясына жатпайды, төлем құралы бола алмайды және құнды қағаздар нарығында айналымға түспейді.
Лотерея – 1)билет бойынша заттар, ақша немесе басқа құндылықтар ұтып алу. Көптеген түрлері бар, мысалы, электрондық лотерея, ТВ Бинго, лотерея-аллегри және т.б;
2) ерікті топтық немесе көпшілік ойын, мұның барысында лотерея ұйымдастырушысы ұтыстың ашық жарияланған талаптары мен жоспарына сәйкес, ойыншылар арасында жүлде қоры ұтысын өткізеді бұл кезде ойыншыға ұтыс шығуы кездейсоқ болып табылады.
Лотерея-аллегри – 1)ұтыс ойындарына қатысу нәтижелері билетті сатып алған соң бірден анықталатын лотереяның бір түрі; 2)(итал. Аllegri – “көңілді болыңдар”) – лотереяның ұтыссыз билетіне жазылатын жазу
Лотто – 1) тираж өткізілетін күні жарияланатын белгілі бір көп цифрдың ішінен бірнеше цифрды тапқан жағдайда ұтатын цифрлық (сандық) лотерея ойыны. Мысалы, 36-дан 5-еуі Лотосы, ойыншы ұтысқа ие болу үшін 1-ден 36-ға дейінгі 5 санды дұрыс табуы тиіс. 2-ден 5 нөмірге дейін сәйкес келген жағдайда әртүрлі жүлделер ұсынылады. Пари-мютюэль сызбасы ұтысқа ие болғандардың бәрі жүлделерді бөледі дегенді білдіреді. Әрбір жүлде категориясына белгілі бір пайыз беріледі.
Лототрон – лотерея тиражын өткізген кезде нөмірленген шарларды араластыру және шығару (қабылдау науасына) жүйесі бар автоматты құрылғы.
Лездік лотерея – бір сәттік лотереяны қараң.
Лездік-тираждық лотерея (аралас) – оның билеті екі бөліктен тұрады – лездік және тираждық. Лездік лотереяда ойыншы ұтысты немесе ұтыссыз билет екендігін бірден біледі, ал тираждықта – тираж өткеннен кейін.
Мемлекетаралық лотерея – екі немесе одан да көп мемлекет аумағында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін лотерея.
Жергілікті (аймақтық) лотерея – Қазақстан Республикасының бір әкімшілік-шаруашылық бірлігінің аумағында өткізілетін лотерея.
Мобильді агент – лотерея билеттерін сату үшін өзі орын таңдайтын сауда агенті.
Лездік (тиражсыз) лотерея – лотерея билетінің иесі оны сатып алғаннан кейін лотерея билетінің ұтысты екенін немесе ұтыссыз екенін тікелей анықтайтын лотерея. Л. л. бірнеше түрлері бар. Жыртылмалы және қырмалы билеттерді қараң.
Моноойын – лездік лотерея билетіндегі бір ойын.
Мультиойын (көп мәртелі ойындар) – лездік лотерея билетіндегі ойын бағдарламасына байланысты не байланысты емес екі, үш және одан да көп ойын жолақтары.
Қазақстан Республикасының Ұлттық лотереясы – мемлекеттік лотерея республика үкіметінің қолдауымен өткізіледі. ҚР-ның барлық аумағыңда 1998 жылдың маусымынан бастап жұмыс істейді.
Нөмірлерді машинасыз (табиғи) таңдау – бұл термин ойыншы кездейсоқ сандар генераторының көмегінсіз, өз нөмірлерін өзі таңдап алуын ерекшелеу үшін қолданылады.
Ұтыс ойын нөмірі – лотереяның ұтыс ойынды бір қатарға теңестіру үшін берген сериялық (реттік) нөмірі.
Он-лайн – 1)диалогтық, он-лайн лотереяны автоматтандыру мәтінінде “тікелей әсер ету байланысын қолдану арқылы” дегенді білдіреді; 2) компьютер жүйесімен тікелей байланысты, оған қосылған және ол пайдаланатын; дербес емес, жедел.
Он-лайндық ойындар - бұл ойындарды дүкендердегі, дәріханалардағы агенттерде орнатылған компьютерлік терминалдар желісінің көмегімен ойнайды. Он-лайндық терминалдар Лотерея штаб-пәтеріндегі басты мәліметтер орталығына жеке телефон желілері арқылы қосылған. Он-лайндық ойындардың Қазақстандағы үлгілері Супер Лото ойындары болып табылады.
Лотерея операторы – Қазақстан Республикасында тіркелген, лотереяны ұйымдастырып және өткізуге лицензиясы бар, қолданылатын лотереялық технология, қондырғылар мен қызметкерлер аттестациясынан өткен, жеке лотереяға құқы бар немесе оны құқық иесімен шартқа отыру негізінде алған заңды тұлға.
Офф-лайн – компьютер процессорымен тек жанама түрде ақпараттық тұрғыдан байланысып, аралық жадыда ғана сақталатын, соған арналған; жүйеге қосылмаған немесе онда қолданылмайтын файлдарға немесе тәуелсіз жұмыс істейтін шеткі құрылғыларға тән анықтама; дербес.
Офф-лайндық ойындар – лездік билеттер немесе енжар ойын, мұнда сатып алу үшін он-лайндық лотерея терминалы қолданылмайды, “офф-лайн өнім” деп аталады. Ойындарды сату үшін терминалдардың он-лайндық жүйесін Лотерея қолданбайтын елдерде барлық өнімдер, соның ішінде лотто, тото және футболдық пул офф-лайндық ойындар деп есептеледі.
Пари-мютюэль – “өзара бәстесу”. Төлемнің жалпы қабылданған жүйесін сипаттау үшін қолданылатын термин мұнда барлық жиналған ақша қандай да бір жүлделік деңгейдегі жеңімпаздар арасында бөлінеді. Мысал үшін: егер джек-пот 10 млн. теңгеге тең болып, екеуі ұтса, онда әрқайсысы 5 млн-нан алады. Бұл әдіс сандық лотереялардағы анағұрлым төмен жүлделік категорияларда да қолданылады. “Өзара бөлісудің” баламасы тіркелген төлемді жүйе болып табылады, егер жүлделік нөмірлер шыққан жағдайда, онда жеңімпаз тапқандар санынан тәуелсіз, ережелерде көрсетілген соманы алады. Мұндай ойынның бір үлгісі Қазақстандағы Ұлттық лотереяның пик-5 сандық лотереясы болып есептеледі.
Енжар ойын (лотерея) – бұл алдын ала сандар басылған қағаз билет, сондықтан ойыншы ойынға “белсенді” қатыса алмайды. Ойыншы жүлдесі ұтыс ойында шыққан нөмірі бар билеттегі сандардың ішінара сәйкес келуімен анықталады.
Бума – лотерея билеттерінің (жолақтарының, блоктарының) регламенттелген саны, билеттерді (жолақтарды, блоктарды) сыртқы әсерлерден қорғауды қамтамасыз етеді.
Толық жүйе (сандық лотереяларда) – таңдап алынған нөмірлердің ішінен олардың қосылыстарының барлық нұсқалары қатысатын жүйе. Толық жүйелердің ерекшелігі мынада: әр ұтыс тобының ұтыстары сәйкес формулалар бойынша дәл анықталып, есептелінеді. Жүйе нөмірлерді анағұрлым көп қамтыса, соғұрлым ұтыс мүмкіндігі жоғары болады.
Жолақ (блок) – бір сериясы өшірілетін лездік лотерея билеттерінің реттелген мөлшері.
Қатысу ережесі – ұйымдастырушы не оператор дайындаған – жол болу ойындарын өткізу шеңберінде ұйымдастырушы (оператор) мен ойыншылар арасындағы шартқа қатысушылар ретіндегі заңды қарым-қатынастарын анықтайтын ережелер.
Лотереяның жүлде қоры – лотереяға қатысушылар немесе өзге тұлғалар құрайтын, лотереяға қатысушылар арасында лотерея шарттары бойынша ұтыс ойын өткізу арқылы бөлінетін құндылықтар жиынтығы. Лотерея шарттарына сәйкес лотереяның жүлде қоры азаматтық айналымнан алынбаған, кез келген мүліктен тұруы мүмкін және де қатысушыларға беру және төлеуден басқа ешқандай мақсаттар үшін пайдаланылмайды. Жүлде қоры құрылтайшының немесе ұйымдастырушының меншігі емес, міндеттемелері бойынша олардан өндіріп алу мүмкін емес.
Сату пункті – билет сатуға Лотерея өкілеттендірген сауда орны.
Жыртылмалы билеттер – лездік лотерея, мұнда жүлде қабатталған билеттерге жасырылады (бұл бізге жақсы таныс “Спринт”).
Ойнату – лотерея, жеребе арқылы бөлу, беру.
Аймақтық компьютер – аймақтық орталықта орнатылып, коммуникациялық желілер бойынша орталық жүйемен байланыстырылған компьютер.
Аймақтық орталық – Лотереяның аймақтық өкілдігі.
Республикалық лотерея – Қазақстан Республикасының екі және одан да көп облыстары аумағында өткізілетін лотерея.
Жүлде қорының ұтыс ойыны – ойын процедурасы барысында лотереяға қатысушы билетіне нақты ұтыс шығу неге шықпау фактісін белгілейді
Билет жөніндегі мәліметтер – билетте басылып және орталық жүйеде тіркелген билет жөніндегі ақпарат. Бұл ақпарат құрамына: ұтыс ойын (дар) нөмірі, сату пункті жөніндегі ақпарат, ойын нұсқасы (лары), билеттің құны, сериялық нөмірі және басқа ақпарат жатады.
Лотереяның сериясы – нақты жүлде қоры бар, нөмірленген лотерея билеттерінің белгілі бір мөлшері.
Ілеспе лотерея – көңіл көтеру және (немесе) жарнама мақсатында, бір белгідегі шектеулі қатысушыларға (фирма клиенті, басылымға жазылушылар және т.б.) арналған ұйымдастырушы өткізетін лотерея, бұл кезде арнайы билет сатып алу немесе байланыс қызметін төлеуді талап етпейді, ұйымдастырушы жүлде қорын жеке жарнамалық қаржылардан құрады.
Қырмалы (сүртілетін) билеттер – билеттің ұтысты не ұтыссыз екендігін білу үшін ойыншы билеттегі белгілі жерді қырып көретін лездік лотерея.
Спорттық лотерея – ойыншылар жүлде ұтып алу үшін, лотереядағы спорттық жарыстар нәтижесін болжай алуы керек. Мұндай лотереялық өнім “ТОТО”, “Футболдық пул” түрінде белгілі.
Мөлшерлеме – ойыншыға жолы болу ойындарына қатысуға құқық беретін сандық лотереялардағы ақшалай сома;
ТВ Бинго (Телебинго) – бинго ойынын салоннан республикалық ұлттық масштабқа апаратын электрондық жүйе. Онда ойыншының қатысуы міндетті емес. Өйткені бағдарламалық жүйенің өзі бингоның бірінші жүлдесін ұтқан билетті (билеттерді) тауып, ұтыс мөлшері мен санын есептейді.
Терминал – ойын нұсқаларын енгізетін, билет басып және мәліметтер базасына билет жөнінде мәлімет енгізетін электронды құрылғы.
Тираж – лотереядағы ұтыс ойыны.
Ұтыстар тиражы – лотерея шарттарымен қаралған ұтыс жоспарына сәйкес, лотерея билетінің иесінде жүлде қорының бөлігіне меншік құқы пайда болатын факт тіркелетін процесс; тираж нәтижелері жағдайдың ісі болып табылады, оны ешкім әдейі жасай алмайды.
Тираждық лотерея – лотереяның жүлде қорының ұтыс ойыны лотерея билеттерін таратып болған соң лотереяның барлық қатысушылары арасында өткізілетін лотерея. Мұндай лотереяны өткізу лотерея билеттерінің легін тарату, лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу және ұтыстарды төлеу, беру немесе ұсынудан тұратын жеке тираждарды қамтуы мүмкін. (Ойыншылар ұтысқа ие болу үшін алдын ала қойылған билеттер саны шыққан нөмірлерге сәйкес келуі тиіс (сондай-ақ енжар ойынды қараң.).
Томбола – бұл көңіл көтерулер мен фанттар жиі болатын лотерея (мысалы: ТВ Бинго).
Сауда агенті – лотерея агентін қараң.
Тотализаторлық жүйе – егер ойынға қатысушылар тіккен бәстің жиынтықты сомасының белгілі бір бөлігі болатындай жүлдені төлеуге пайдаланылатын соманы ойын ұйымдастырушысы анықтаса, ал төленетін сома ұтқан ойыншылар арасында олардың тіккен бәстеріне сәйкес бөлінеді.
Тото – қатысушы футбол матчының соңын немесе оның сандық нәтижесін болжай білуі қажет болатын тотализатор формасы.
Лотереяны өткізу шарттары – лотерея ойынын өткізуді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өткізуді регламенттейтін лотерея ойыны туралы міндетті мәліметтер мен ережелерден тұратын нормативті құжат.
Лотереяға қатысушы – лотереяның жүлде (ұтысты) қорының ұтыс ойынына қатысуға құқық беретін, меншік құқында лотерея бар жеке және заңды тұлға.
Лотерея құрылтайшысы - лотереяны тіркеген, лотереялық процестің Қазақстан Республикасы заңдарына, лотерея шарттары мен мақсаттарына сәйкес болуы үшін жауапты, оның әлеуметтік мәні мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелерін қамтамасыз ететін, лотереяны дербес өткізетін немесе шарт бойынша бұл құқықты операторға беретін заңды тұлға.
Тіркелген жүлделер – тіркелген құн жүлделері, олар қажет санды таба білген адамдарға жеңімпаздар санынан тәуелсіз төленеді.
Лотереяның мақсатты қаражаты – лотерея кірісінің әлеуметтік маңыздылығын, көлемін және лотерея жағдайында оны пайдалану тәртібін анықтайтын кірістің бір бөлігі.
Орталық жүйе – негізгі компьютерлік жүйе, оның мәліметтер базасына белгіленген ережелерге сәйкес, сақтау және өңдеу үшін барлық ойын нұсқалары мен билеттер жөніндегі мәліметтер түседі.
Сандық лотерея ойындары – Лотто, Пик-5, Кено сияқты ойындар, сандардың үлкен жолағынан ойыншы анықталатын дұрыс санды табуы қажет. Сондай-ақ Лоттоны, Кеноны қараңыз.
Штрих-код – лотерея билеті жөніндегі ақпаратты кодталған күйінде көрсететін тік жолақтар мен сандар үйлесімі. Электрондық құрылғы-сканер көмегімен билет жөніндегі ақпаратты тез және дәл оқуға мүмкіндік береді.
Электрондық лотерея – төмендегі аталған белгілердің бірі немесе бірнешеуі қолданылған ойын: тігілген ақшаны белгілеу және қатысушыларды болжау ақпаратты өз жадысында немесе бас компьютерге тіркеуге жіберіп отыратын электронды қондырғының көмегімен жүзеге асырылады; ойын ақпараты ұтысқа қатысу үшін арнайы байланыс желісімен бас ақпарат орталығына жіберіледі; тігілген ақша есебі және өзге де ойын ақпараттары, сондай-ақ жүлделер құрылымы мен олардың ойнатылуы электронды қондырғысы бар бағдарламалық құралдың көмегімен жүзеге асырылады.
Электронды лотереялық құрылғы (терминал) – ойыншылардың тігілген ақшасын қабылдап әрі қарай жергілікгі ұтыс ойынына қатысуға немесе тігілген ақшаны бас ақпарат орталығына жіберуге арналған кез келген құрылғы (жабдық).