Ұтыстарды төлеу

«ТВ Бинго» лотерея шоуында,

лездік лотереяларда және 2-ші мүмкіндік берілген

лездік лотереяларда ұтысты төлеу туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл ереже жеңімпаздарға (ұтысты билет иегерлеріне) уақытылы қаражат төлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құпиялылықты сақтау үшін әзірленген.

1.2. Ұтыстар лотереяны өткізу ережелеріне сәйкес ұтысты болып танылған ұтысты лотерея билетінің иегеріне ғана беріледі және ұтысты билет түпнұсқасына ғана айырбасталады. Қолданыстағы азаматтық заңнама нормаларына сәйкес келетін нотариалды түрде расталған сенімхат берген жағдайда ұтыс сеніп тапсырылған тұлғаға берілуі мүмкін.

1.3. Ұтыс рәсімделетін жеңімпаз ұтысты билеттің артқы жағына мына мәліметтерді көрсетуі тиіс:
- аты-жөні
- тұрғылықты мекенжайы
- байланыс телефоны

1.4. «Бинго», «Джек-Пот» категориялары бойынша жеңімпаздар, автокөлік сияқты заттай ұтыстың, сондай-ақ лездік ойындардағы бас жүлделердің иегері міндетті түрде лотерея ұйымдастырушыларының жарнама іс-шараларына қатысады, ол жазбаша Келісім арқылы расталады (№3 қосымша)

2. «ТВ Бинго» лотерея шоуында және лездік лотереяларда ұтыс алу шарттары.

2.1 Салық салынатын сомаға дейінгі ұтыстарды агент «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС-ның кез келген сату орнында немесе филиалдарында төлейді.

2.2 Салық салынатын сомадан жоғары ұтыстар «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС орталық кеңсесінде немесе филиалдарында төленеді.

2.2.1.Салық салынатын сомадан жоғары ұтысты билеттің түпнұсқасын растау «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС орталық кеңсесінде немесе филиалдарында жүзеге асырылады.

2.2.2. «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС орталық кеңсесінде немесе филиалдарында ұтысты билеттер мен ұтыс төлемін рәсімдеуге арналған бекітілген нысандар белгіленген:

  • Ұтысты алу үшін берілген күнін көрсетіп, өтініш беру (№1 қосымша)

  • Анықтама (екі дана);

  • Кеңседе берілген ұтыс (№2 қосымша)

  • Жүкқұжат

  • Техникалық бөлімнің ұтысты растауы

2.2.3. Ұтысты рәсімдеу үшін ұтысты билет иегері өзімен бірге мыналарды алып келуі тиіс:

  • жеке куәлік құжаты

  • жеңімпаз есіміне рәсімделген банк карточкасы

  • IBAN (карточка базасындағы 20 мәнді ағымдағы шот)

  • Егер жеңімпаздың салық салу бойынша жеңілдіктері болса (мүгедектік және т.б.) жеңілдікті растайтын құжаттың түпнұсқасын және сол құжаттың нотариалды түрде расталған көшірмесін ұсынуы тиіс. Сондай-ақ ұтысты рәсімдеу кезінде жеңімпаз ағымдағы жылы салық төлеу бойынша жеңілдікті пайдаланбағаны туралы «Өтініш» жазуы тиіс.

3. «ТВ Бинго» ойыны және лездік лотереялар бойынша ұтыс алу тәртібі.

3.1. Ойыншы 500 001 теңге және одан жоғары ұтыс сомасын «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС филиалына ұсынған жағдайда:

  • филиалдың өкілетті тұлғасы ұсынылған лотерея билетін алдын ала тексереді, визуалды түрде қарайды да, ойыншыға ұтыс сомасын, сондай-ақ салық салу тәртібін хабарлайды.

  • Ұтысты билет сканерленіп, билет бойынша ұтыстың бар екендігін растау үшін Техникалық бөлім қызметкеріне жолданады.

  • 2.2.2-т. сәйкес құжаттар жиынтығы рәсімделеді.

  • Жеңімпаздан ұтысты билет алынып, оның орнына «Анықтама» беріледі.

  • Тіркелген ұтысты билеті бар құжаттар жиынтығы (түпнұсқа) Орталық кеңсе мекенжайына жолданады..

3.2. Ойыншы 500 001 теңгеден 999 999 теңгеге дейінгі ұтыс сомасын «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС-ның Алматы филиалына ұсынған жағдайда:

  • Алматы филиалының өкілетті тұлғасы ұсынылған лотерея билетін алдын ала тексереді, визуалды түрде қарайды да, ойыншыға ұтыс сомасын, сондай-ақ салық салу тәртібін хабарлайды.

  • Ұтысты билет сканерленіп, билет бойынша ұтыстың бар екендігін растау үшін Техникалық бөлім қызметкеріне жолданады.

  • 2.2.2-т. сәйкес құжаттар жиынтығы рәсімделеді.

3.3. Ойыншы 100 001 теңгеден 500 000 теңгеге дейінгі ұтыс сомасын «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС-ның филиалына ұсынған жағдайда:

  • филиалдың өкілетті тұлғасы ұсынылған лотерея билетін алдын ала тексереді, визуалды түрде қарайды да, ойыншыға ұтыс сомасын, сондай-ақ салық салу тәртібін хабарлайды.

  • Ұтысты билет сканерленіп, билет бойынша ұтыстың бар екендігін растау үшін Техникалық бөлім қызметкеріне жолданады.

  • 2.2.2-т. сәйкес құжаттар жиынтығы рәсімделеді.

4. Ұтыстарды алу мерзімі

4.1. 1 000 000 теңге және одан асатын ұтыстар аударым арқылы есеп айырысу үшін «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС-ның тек Орталық кеңсесінде рәсімделеді және «Ұтысты алу үшін берілген өтініш» жазылған күннен бастап 12 айдың (365 күн) ішінде төленеді.

4.2. 500 001 теңгеден 999 999 теңгеге дейінгі оформляются для выплаты по безналичному расчету только Центральном офисе ұтыстар аударым арқылы есеп айырысу үшін «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС-ның тек Орталық кеңсесінде рәсімделеді және «Ұтысты алу үшін берілген өтініш» жазылған күннен бастап 6 айдың (180 күн) ішінде төленеді.

4.3.100 001 теңгеден 500 000 теңгеге дейінгі ұтыстар аударым арқылы есеп айырысу үшін «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС-ның филиалдарында рәсімделеді және 90 күннің ішінде сол жерде төленеді.

4.4. 99 999 теңгеге дейінгіоформляются ұтыстар қолма-қол ақша арқылы есеп айырысу үшін «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС-ның филиалдарында рәсімделеді және «Ұтысты алу үшін берілген өтініш» жазылған күні сол жерде төленеді.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұтыстарға салық салынады

5. Ұтыстарды талап ету мерзімі

5.1. «ТВ Бинго» ойыны бойынша ұтыстарды талап ету мерзімі осы билет қатысқан тираж өткізілген күннен бастап 90 күнді құрайды. Тираж өткізілген күннен бастап 90 күн өткен соң агенттің штампына сәйкес билеттер бойынша ұтыстар төленбейді және берілмейді.

5.2. 90 күн өткен соң БАҚ-та лездік лотереялар бойынша ұтыс ойындарының жабылғаны туралы хабарлама жарияланғаннан кейін ұтыстар төленбейді және берілмейді. Ұтыстарды төлеу үшін берілетін өтініштер қабылданбайды және қаралмайды.

5.3. 2-ші мүмкіндік берілген (ұтыссыз билеттер бойынша) лездік лотерея билеттері бойынша төлемдерді төлеу және беру ойын жабылған күннен соң 90 күнге дейін сол лотерея түрі жарамды уақыт ішінде өткізіледі.

6. Ойыншы зақымданған ұтысты билет ұсынған жағдайда (жыртылған, су тиген және т.б. билет) билет алынып, оның орнына ойыншыға билетті алу туралы «Растайтын анықтама» беріледі.

Зақымданған билет «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС орталық кеңсесіне жолданады. Билеттің түпнұсқалығын белгілеу нәтижесі дұрыс болып, зақымданған билет бойынша ұтыстың бар екендігі расталған жағдайда төлем мерзімі көрсетілген Акт жасалады.

7. Талаптар

1) Ұтысты билеттің түпнұсқасын растауға, ұтыстарды төлеуге байланысты филиалдарға түсетін барлық құжаттама, есептер және т.б. құпия сипатқа ие және жарияланбайды.

2) Жеңімпаздың аты-жөні, сондай-ақ басқа да ақпараттары құпия болып табылады.

3) Жоғалтып алынған немесе билеттердің сәйкестігі дәл анықталмайтын, оның ішінде билеттің сериялық, жеке және бақылау нөмірі оқылмайтын зақымданған билет үшін «BN Neon Tech» (БН Неон Тех) ЖШС жауапты болмайды.